«Жауын-шашынсыз жаз». Алматы бойынша бір аптаға арналған ауа райы болжамы
© Сурет: freepik
Синоптиктер Алматы қаласы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райының алдын-ала болжамын ұсынды. Оған сәйкес, алдағы тәулікте оңтүстік астанада қатты ыстық болады. Келесі апта барысында қалада жауын шашын күтілмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 2025 жылғы 19-25 шілде аралығында мегаполисте қатты ыстық болады. Сынап бағаны 38 градус ыстықты көрсетеді. Сондықтан, демалыс күндері оңтүстік астананың табиғи жерлеріне баруды жоспарлағанда, қауіпсіздік шараларын қарастырып, күн сәулесінің астында ұзақ болмауға тырысыңыз. Бұл бастан күн өту немесе терінің күлдіреуі секілді қауіптің алдын алуға көмектеседі.
"Алдағы аптада Алматы қаласының аумағында ыстық ауа райы сақталады. Иранның, Ауғанстанның, яғни Таяу Шығыс аумағынан келіп жеткен жылы ауа массаларына байланысты күн қызиды", деп түсіндіреді "Қазгидромет" РМК-ның өкілі.
19 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, күндіз кей тұста - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +23...+25°C, күндіз: +36...+38°C.
20 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, күндіз кей тұста - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +21...+23°C, күндіз: +36...+38°C.
21 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +21...+23°C, күндіз: +34...+36°C.
22 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +19...+21°C, күндіз: +33...+35°C.
23 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +33...+35°C.
24 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, күндіз кей тұста - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +19...+21°C, күндіз: +34...+36°C.
25 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, күндіз кей тұста - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +35...+37°C.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 19 шілдеде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:08, 16 желтоқсан 2025
Ауа райына байланысты бес бағыт бойынша пойызға қосымша орындар ашылды
-
18:52, 16 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің қарындасының патриоттық видеосы желіде қызу талқыланып жатыр
-
18:31, 16 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті
-
18:20, 16 желтоқсан 2025
Ауа райы күрт бұзылады: Астанада, Алматыда және өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
-
18:11, 16 желтоқсан 2025
Қостанайда көпқабатты үйде жиһаз өртеніп, түтін толған ғимараттан ондаған адам эвакуацияланды





