Жасөспірімдер Олимпиадасы: боксшы Марал Төлепберген жартылай финалға шықты

23:49, 11 қараша 2026
MKZ: 1577068

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық былғары қолғап шебері Марал Төлепберген Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 54 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында мысырлық боксшы Хаджер Эльшербини Вахбамен қолғап түйістірді.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Марал Төлепберген 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.

Айта кетейік, бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) және Бибарыс Әшірбай (70 келі) 1/2 финалға өткен еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!