Таеквондошы Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль иеленді
© Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан құрамасының өкілі Любовь Юн Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы 63 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жартылай финалда ол Сербия өкілі Эма Зечировичпен кездесті.
Жекпе-жекте сербиялық спортшы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші раундта Любовь Юн 4:18 есебімен, екінші раундта 4:14 есебімен жол берді.
Жарыс ережесіне сәйкес, жартылай финалда жеңілген қос спортшы да қола жүлдегер атанады. Осылайша, Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасын үшінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, қазақстандық таеквондошы жартылай финалға дейін екі қарсыласынан басым түсті. Алғашқы кездесуінде Норвегия спортшысы Сара Наташа Фемер-Педерсенді (2:0) жеңсе, ширек финалда Бразилия өкілі Рафаэла Мейреллес да Костаны (2:0) тізе бүктірді.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында төрт жүлде бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медаль иеленсе, триатлоншы Рамазан Әйнегов қола жүлдеге қол жеткізген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:18, 11 қараша 2026
Абай облысында жоғалған ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды
-
21:45, 11 қараша 2026
«PARAQTA» онлайн кітапхана платформасы салалық министрлік назарына ілікті
-
21:33, 11 қараша 2026
«Заңды талаптарды орындауды сұраймыз». Алматы полициясы мәлімдеме жасады
-
21:27, 11 қараша 2026
Құрманғазы атындағы консерваторияның симфониялық оркестрі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде өнер көрсетті
-
21:03, 11 қараша 2026
«Қар аралас жаңбыр жауады». Еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды





