Жансай Смағұлов Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады

11:34, 26 шілде 2021

© Сурет: olympic.kz

Дзюдодан 73 келіде сынға түскен Қазақстан командасының мүшесі Жансай Смағұлов үшін Токио Олимпиадасы аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Смағұлов үшінші айналымда канадалық Артур Маргелидонмен кездескен болатын. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаздар қосымша уақытта анықталды.

Бірінші болып "ваззари" ұпайын алған Канада өкілі келесі айналымға өтті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Айта кетсек, дзюдодан Қазақстан командасының еншісінде Елдос Сметов еншілеген жалғыз медаль бар. Кеше Ерлан Серікжанов (66 келі), бүгін Жансай Смағұлов (73 келі) жарысты ерте аяқтады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!