«Жанқош Тұраров зорлады». Әнару Құрманәлі журналистерге сұхбат берді

10:45, 24 тамыз 2024

© Сурет: видео скрині/КТК

"Боксшы Жанқош Тұраров зорлады" деп айып таққан қыз тілшілерге сұхбат берді. Оның сөзінше, спортшы бірнеше жыл бойы "әйелім етіп аламын" деп алдап келген. "Ал соңғы кездесу зорлықпен аяқталды" дейді. Жәбірленуші денесіндегі көгерген жарақаттарына дейін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Әнару Құрманәлі белгілі боксшы Жанқош Тұраровты алты жылдан бері таниды екен. Қыздың айтуынша, спортшы екеуінің арасында махаббат сезімі болған. "Осы кезге дейін артымнан жүгіріп, тіпті ұл туып беруімді сұрады" дейді Әнару. Оның әйелі мен балалары бар екенінен хабарсыз болыпты. Ал 12 тамызда жыныстық қатынасқа "еркімнен тыс мәжбүрледі" деп отыр.

"Қарсыластым. Күшпен ұстап, кәдімгідей қысып тұрып, қылқындырып, мойнымнан ұстап тұрып, шашымнан тартып... Оған дейін де қанша уақыттан бері артымнан аңдып жүрді. Қай жақта жүрсем де, менің артымнан іздеп келіп жүрді. Жанқоштың әйелі бар екенін білмегем, бірақ әйелі жартылай білген ғой, бұл жағдай туралы негізі".Әнару Құрманәлі

Алты жыл бойы күтіп, үмітін үзген қыз енді боксшының жазалануын қалап отыр. Сондықтан соңғы оқиғадан соң полицияға шағым түсіріпті. Тергеу кезінде Жанқош Тұраров Әнарудан кешірім сұрап, 2 миллион теңге ұсынған көрінеді.

"Саған істеген істерім үшін бәріне жауап беремін, сенің психологиялық, бүкіл медициналық жағдайыңның бәріне көмек беремін, 2 миллион теңге саған ақша жіберейін" деді. "Маған ешқандай ақша да, ештеңе керек емес" дедім. Тұраров Жанқош Жасұланұлы өз жазасын алса екен деймін, заңды түрде. Бүкіл эспертиза, барлығынан өттім".Әнару Құрманәлі

Еске салайық, бұған дейін оқиға Әуезов ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болғаны туралы ақпарат тараған. Дегенмен күдікті өзіне тағылған айыптың бәрін жоққа шығарған.

Қазір оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Боксшыға қатысты қылмыстық іс қозғалған, бірақ полицейлер істің нақты қандай бап бойынша қаралып жатқанын құпия ұстап отыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!