Алматыда әлемге танымал балет өнерінің жұлдызы шеберлік сағаттарын өткізуде
© Сурет: Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметі
Алматыға әлемге танымал балет өнерінің жұлдызы Ульяна Лопаткина келіп, бүгіндері Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында шеберлік сағаттарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры әлемге танымал балет өнерінің жұлдызы, Мариинский театрының прима-балеринасы, Ресей Мемлекеттік сыйлығының және РФ Үкімет сыйлығының лауреаты, Ресейдің Халық әртісі, театр саласындағы мәртебелі "Золотой софит" және "Золотая маска" сондай-ақ, лондондық сыншылардың Evening Standard премияларының иегері Ульяна Лопаткина шеберлік сағаттарын өткізіп жатқанын хабарлайды.
Балет өнерінің майталмандарының ойынша, Ульяна Лопаткина "Әлемдік балеттегі ең үздік аққу" болып табылады.
Шеберлік сабақтары театр директоры Айнұр Көпбасарова мен балет труппасының көркемдік жетекшісі Қазақстанның Халық әртісі Гүлжан Түктібаеваның бастамасымен өткізіледі.
Гүлжан Түткібаеваның айтуынша, Ульяна Вячеславовна "Аққу көлі" қойылымындағы кейіпкерлердің күрделі бейнелерін тереңірек түсіну үшін басты партиялардағы, яғни Одетта-Одиллия мен Ханзада Зигфридті, зұлым данышпан Зигфридтің партиясын сомдайтын балет солистерімен жұмыс жасап, жаттығады.
Сурет: Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметі
"Ол өз мамандығының шебері және өзінің ерекше тәжірибесімен бөлісе отырып, балет әртістерінің әр жұбы үшін өзінің ерекше нюанстарын табуға тырысады. Ульяна Лопаткина кейіпкерлердің бейнелерімен жұмыс жасауда рөлді ерекше мұқият зерттейді. Әртістеріміздің өз кейіпкерлерін тереңірек түсінуін, әрі олардың қарым-қатынастарын өз мүмкіндіктерінің жаңа қырлары арқылы тереңірек ашуды үйренгенін қалаймын. Ульяна Вячеславовнамен жұмыс - баға жетпес тәжірибе және біздің театр үшін де, балет солистері үшін де үлкен мүмкіндік", - дейді ол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:47, 17 қыркүйек 2024
«Бірін бірі құтқармақ болған». Алматы облысында құдықтан үш адамның денесі табылды
-
22:19, 17 қыркүйек 2024
Жаңа маусымды сәтсіз бастаған «Барыс» хоккей командасы сырт алаңда жеңіске жетті
-
21:55, 17 қыркүйек 2024
Ливанда пейджерлер жарылып, «Хезболла» сарбаздары жаппай жарақат алды
-
21:34, 17 қыркүйек 2024
Петропавлда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 220 адам эвакуацияланды
-
21:23, 17 қыркүйек 2024
Көмек сұрап, кейін мерт болған әйелдің қоңырауын жауапсыз қалдырған ТЖД қызметкері сотталды