Жанар Хамитованы өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзген болуы мүмкін

08:28, 17 қыркүйек 2019

Полиция SuperStar.kz финалисі, әнші Жанар Хамитованың өлімін тергеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы, 1-б (адамды өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі.

Әнші Жанар Хамитованың қайтыс болғаны туралы Instagram-да әріптесі Әбу Кай хабарлаған болатын. Хамитованың қайтыс болғаны туралы ақпаратты Инстаграмда тележүргізуші Анна Данченко да жариялған.

Бұған дейін "Арнау" дуэтінің экс-солисі, Super star.kz жобасының финалисі өзімен бұрын бірге дуэт болған жұбы, әнші Нұржан Керменбаевпен болған жанжалын жария еткен, содан кейін ол продюсер Сиви Махмудимен айырылысып, ауыр күйзелісте болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!