Жаңаөзенде ірі көлемде ақша бопсалаған күдікті қолға түсті
© Сурет: ҚР ІІМ
16 қаңтарда Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөліміне жедел ақпарат келіп түсті.
Онда белгісіз тұлғаның WhatsApp мессенджері арқылы Жаңаөзен қаласының тұрғынына және оның отбасы мүшелеріне қауіп төндіріп, ірі көлемде ақша қаражатын бопсалап жүргені хабарланған.
Аталған дерек бойынша 19 қаңтарда Жаңаөзен қаласы полиция басқармасында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес қорқытып алу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
7 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері "Бүркіт" арнайы жасағымен бірлесіп, Жаңаөзен қаласының өндірістік аймағында орналасқан дүкендердің бірінің маңында ақ түсті Lada Granta автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктің артқы жолаушы орнында отырған күдікті анықталып, ұсталды.
Күдіктіні куәгерлердің қатысуымен тінту кезінде оның үстіне киген қара түсті күртесінің оң жақ қалтасынан көк түсті изолентаға оралған, ақ түсті есірткіге ұқсас ұнтақ салынған екі орама табылып, тәркіленді.
Сонымен қатар күдіктіге тиесілі ұялы телефон заттай дәлелдеме ретінде алынды. Медициналық куәландыру нәтижесінде күдіктінің ағзасынан каннабиноид метаболиттері анықталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция азаматтарға ескертеді: қорқытып ақша талап ету, бопсалау, сондай-ақ есірткі заттарын заңсыз сақтау қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.
Егер сіз осындай құқыққа қарсы әрекеттердің куәсі немесе жәбірленушісі болсаңыз, дереу полицияға хабарлауды сұраймыз. Уақтылы берілген ақпарат құқықбұзушылықтардың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:39, 9 ақпан 2026
9 ақпандағы сауда қорытындысы: валюта бағамдары қалай өзгерді
-
15:28, 9 ақпан 2026
Ақмола облысында жыл соңына дейін 1300 отбасы баспаналы болады
-
15:19, 9 ақпан 2026
Алматыда киберполиция алаяқтардың жолын кесіп, жәбірленушіге 20 млн теңгені қайтарды
-
15:06, 9 ақпан 2026
10–12 ақпанда Астана, Алматы және Шымкентте қар, нөсер жаңбыр және ауа температурасының күрт ауытқуы күтіледі
-
14:58, 9 ақпан 2026
Алматыда полиция қала орталығындағы заң бұзған клубтың қызметін тоқтатты





