Алматыда киберполиция алаяқтардың жолын кесіп, жәбірленушіге 20 млн теңгені қайтарды
© Фото: pexels
Алматы қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алаяқтықтың жолын кесіп, қала тұрғынының ірі көлемдегі ақшасын сақтап қалды.
Қаскөйлер өздерін медициналық мекеме қызметкерлері, электрондық үкімет порталы мен құқық қорғау органдарының өкілдері ретінде таныстырып, жәбірленушіні кезең-кезеңімен алдап отырған.
"Қаражатын қорғау" үшін заңды әрекеттер жасап жатырмын деп ойлаған ер адам ақшаны өз бетінше қолма-қол шешіп алып, курьерге табыстаған.
Алайда ол бұл сәтте алаяқтардың құрбанына айналғанын аңғармаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында киберполиция қызметкерлері ақшаны беру бағытын дер кезінде анықтап, курьерді ұстады және ішінде ірі көлемдегі қаражаты бар чемоданды тәркіледі.
Кейін жәбірленушіге жағдай толық түсіндіріліп, барлық ақша қайтарылды.
"Жәбірленуші соңғы сәтке дейін өзінің алаяқтардың құрбаны болғанын түсінбеген. Қаскөйлер мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмысын толықтай имитациялай отырып, көпдеңгейлі қысым мен манипуляцияға құрылған схема қолданған. Біздің бөлімше қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында қаражат дер кезінде қолға түсіп, иесіне қайтарылды, — деді Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.
ІІО қызметкері ешбір мемлекеттік органның немесе құқық қорғау қызметкерінің азаматтардан ақша аударуды, SMS-кодтарды хабарлауды немесе қолма-қол қаражатты үшінші тұлғалар арқылы беруді талап етпейтінін ерекше атап өтті.
"Маған барлығы өте сенімді көрінді. Мен 20 миллион теңгеден астам ақшаны шешіп алып, чемоданға салып беріп жібердім. Кейін киберполиция қызметкерлері келіп, жағдайды түсіндіріп, барлық қаражатымды қайтарып берді. Оқиғаның осылай аяқталғанына, полицейлердің кәсібилігіне де қатты таңғалдым. Алғысымды білдіремін, — деді тұрғын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:02, 9 ақпан 2026
Тоқаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады
-
16:55, 9 ақпан 2026
Қазақстанда қашықтан жұмыс істейтін шетелдіктердің жалақысынан зейнетақы жарналары ұстала ма
-
16:49, 9 ақпан 2026
Қытайдағы жоғары оқу орындарына түскісі келетін қазақстандықтарға құжат тапсыру мерзімі ұзартылды
-
16:41, 9 ақпан 2026
Қазақстан Конституциясының жобасына волонтерлік қызметті қолдау нормасы енгізілді
-
16:33, 9 ақпан 2026
«Лондон банкі» және есепшотта 20 миллион: зейнеткер инвестициялық алаяқтарға алданып қалды





