Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылар скиатлонда қалай өнер көрсетті
© Сурет: olympic.kz
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары аясында шаңғы жарысынан ерлер арасында скиатлон (10 шақырым + 10 шақырым) бәсекесі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасы сапынан Наиль Башмаков пен Әмірғали Мұратбеков өнер көрсетті.
Әмірғали Мұратбеков 45-орынмен мәреге жетсе, Наиль Башмаков 49-нәтижесін тіркеді.
Алтын жүлдені норвегиялық Йоханнес Клебо жеңіп алды. Күміс медаль Франция спортшысы Матис Деложға бұйырды. Норвегия өкілі Мартин Ньенгет қола жүлдемен жарысты аяқтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:12, 8 ақпан 2026
Талғар ауданында беткейден топырақ тұрғын үйлерге жетті
-
17:05, 8 ақпан 2026
Жезқазған – Петропавл автожолындағы жол апатынан екі адам мерт болды
-
16:37, 8 ақпан 2026
Надежда Дубовицкая Азия чемпионатында биіктікке секіруден күміс медаль жеңіп алды
-
16:00, 8 ақпан 2026
Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 16 шетел азаматы республика аумағынан шығарылды
-
15:33, 8 ақпан 2026
Қайтадан жауын-шашын: синоптиктер 9 ақпандағы ауа райына болжам ұсынды





