Жамбыл облысының тұрғыны желідегі жалған жазбасы үшін балалар үйіне 50 мың теңге беретін болды
© Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысының тұрғыны әлеуметтік желідегі жалған жазбасы үшін балалар үйінің пайдасына 50 мың теңге моральдық өтемақы төлейтін болды. Ол "балалар үйіне арналған ақшаны иемденді" деп мұражай директорына жалған айып таққан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс материалдарына сәйкес, жауапқа тартылушы Facebook-те мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры адамдардың балалар үйіне қайырымдылық жасауға қалдырған ақшасын иемденгені туралы шындыққа жанаспайтын жалған мәліметтер жариялаған.
Мұражай директоры соттан жауапкерді Facebook-тегі ресми парақшасында кешірім сұрайтын жазба жариялауға мәжбүрлеуді, сондай-ақ балалар үйінің пайдасына келтірілген моральдық зиянды өндіріп алуды сұрады. Істі дайындау сатысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты.
Келісімге сәйкес, жауапкер Facebook-тегі жеке парақшасында кешірім сұрайтын жазба жариялауға, сондай-ақ балалар үйінің пайдасына 50 мың теңге көлемінде моральдық зиянды және директордың сот шығындарын өтеуге міндеттенді. Ол өз кезегінде талап қою арызынан бас тартты.
Бұған дейін Шымкентте қызметіне ақы алғысы келген экс-судья 7,5 жылға сотталғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті
-
18:32, 19 желтоқсан 2025
Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижелері





