Жамбыл облысының әкімі өңірдегі көппəтерлі тұрғын үйлердің сапасын жіті бақылауында ұстайды
Облыс орталығындағы құрылысы жүргізіліп жатқан №15 жаңа мөлтек ауданының сәулеттік келбеті, ондағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы бейнесі заманауи әрі көрікті болуы шарт. Бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында өңір басшысы Асқар Мырзахметов осылай деді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Басқосуда 15 мөлтек ауданда жаңадан салынатын көпқабатты үйлердің 1-ші қабатында әлеуметтік және коммерциялық мақсаттағы нысандар орналастыру мәселелері талқыланды. Тараз қаласы әкімінің орынбасары Сайлауғалы Байназаров мақсатты жұмыстардың іске асу жүйесі туралы бірқатар мәліметтермен бөлісті. Оның айтуынша қазіргі таңда 25 үйдің жобасы дайындалуда екен. 2020-2021 жылдары құрылысы жүргізілетін ол көпқабатты тұрғын үйлердің 12-сінің 1-қабатттарына өзгерістер енгізілмек. Яғни мемлекеттік орган (тапсырушы) жобалау тапсырмада бірінші қабатта әлеуметтік, коммерциялық және тағы басқа нысандар болу қажеттігін көрсетеді, соған орай жоба-сметалық құжаттама тапсырмаға сәйкес дайындалып, құрылыс жер телімінің, фундамент, жертөленің құндық үлестері тең пропорцияда бөлінеді. Мемлекеттік сатып алу тек тұрғын пәтерлер және үлесіне қарай жертөле көлеміне жүргізіледі, мемлекеттік сатып алуға қатысушы мердігер осындай шартқа келісіп қатысады.
Асқар Исабекұлы тек бес қабатты тұрғын үйлермен шектелмей жеті,тоғыз қабатты үйлерді де салу қажеттілігін ескертті. Сол арқылы инфрақұрылым тарту жұмыстарын, жер аумағын үнемдей отырып, пәтер құнын төмендетуге болатынын жеткізді. Өңір басшысы ең бастысы шағын аудандардағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын әлеуметтік және коммерциялық мақсаттағы нысандарға бере отырып, ғимараттардың сыртқы көрінісін, сәулеттік келбетін арттыруды талап ету керектігін баса айтты. Тиісті тұлғаларға осы бағытта нақты жұмыстар жүргізуді тапсырды
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады