Жамбыл облысында 12 оқушы тағамнан уланды
© Фото: пресс-служба акимата Алматы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданында Мырзатай ауылындағы орта мектептің 5-сынып оқушылары таңертең мектеп алдындағы дүкеннен алған фастфуд тағамынан уланды.
Арада бір сағат өткенде балалардың жүрегі айналып, құсу және бас ауруы белгілері байқалды, деп жазады qazaqstan.tv.
Сабақ үстінде оқушылардың жағдайы нашарлап, оларды жедел жәрдем жеткізіп, аудандық ауруханаға орналастырды. Медицина мамандары жасөспірімдердің жағдайын орташа ауыр деп бағалады.
"Балалардың жағдайы тұрақты, нашарлау белгілері жоқ. Қазіргі уақытта барлық ем-шаралар көрсетілді. Барлығы үйлеріне қайтарылды. Балалардан мәліметтер үнемі алынып отыр. 3 күннен кейін сабаққа қайта шығады." Ерлан Сейдаханов, аудандық Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары оқушыларды тағамдық токсикалық инфекцияға шалдыққан деп анықтады. Яғни, жеткіншектер жеген тағамның жарамдылық мерзімі өткен немесе құрамы бұзылған. Полиция бургер сатқан жеке кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғады.
"Тергеп-тексеру жұмыстары заң аясында жүргізілуде. Лабораториялық зерттеулер жүргізілді, санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жүріп жатыр. Жедел шаралар қабылданды." Салтанат Әлібаева, департамент басшысының орынбасары
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:41, 26 шілде 2026
Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті
-
17:06, 26 шілде 2026
27 шілдеде елдің бірнеше өңірінде ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі
-
16:39, 26 шілде 2026
Жазушы, тарихшы Жұмабай Доспанов дүниеден озды
-
16:09, 26 шілде 2026
Роскосмос ғарышкерлері мен NASA астронавты Жезқазған маңына сәтті қонды
-
15:48, 26 шілде 2026
Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр





