Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды
© Фото: polisia.kz
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иемдену фактісін анықтады.
Шу аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, өзіне тиесілі 17 бас жылқының аудан аумағындағы шаруа қожалығының жайылымынан жоғалып кеткенін хабарлаған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Тергеу барысында жәбірленушінің бірнеше жылдан бері жылқыларды бағуды өзінің танысына сеніп тапсырғаны анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні Тараз қаласының аумағында анықтап, ұстады.
Сот санкциясымен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жымқырылған жылқылар табылып, заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Полиция азаматтарды мал-мүліктің сақталуына жауапкершілікпен қарап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті алдын алу шараларын қабылдауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:56, 17 маусым 2026
Еліміздегі Ұлттық музейге жаңа мәртебе берілді
-
21:48, 17 маусым 2026
«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:58, 17 маусым 2026
1 млрд теңгеге сатылып кеткен Ұлттық ұланның жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
-
20:46, 17 маусым 2026
Ақтау әуежайы маңындағы ірі жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
-
20:46, 17 маусым 2026
Ақтау әуежайынан ірі жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды





