Жамбыл облысында асырап алған баласын оқтаумен ұрған ана жазаға тартылды

© Сурет: Zakon.kz
Жамбыл аудандық сотында кәмелетке толмаған адамға қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әйел адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен бала әйел асырауынан алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта 2024 жылдың желтоқсан айында сотталушы К. өзінің үйінде 1 млн теңге ақша қаражатының жоғалғанын анықтап, оны өзінің асырап алған ұлынан көргені анықталды. "Ақшаны алмадым" деген ұлын әйел адам ағаш оқтаумен де сабаған. Келесі күні колледж оқытушылары баланы ауруханаға апарады. Сараптама қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмаған М-ның денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.
Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлердің айғақтарымен және сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен дәлелденді. Сотталушы кінәсін толық мойындады. Жәбірленуші М. асырап алған анасына ешқандай шағымы жоқ екенін, оны кешіретінін, бірақ онымен бірге өмір сүргісі келмейтінін айтты.
"Сот үкімімен сотталушы К. ҚК 108-1-бабы 2-бөлігінің тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ К-ның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді. Атап айтқанда, 3 ай бойы жәбірленушінің еркінен тыс жәбірленушіні іздеуге, оның ізіне түсуге, оған баруға, ауызша және телефон арқылы сөйлесуге, онымен басқа да тәсілдермен байланысуға тыйым салынды".Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі
Үкім заңды күшіне енді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:03, 13 маусым 2025
Flydubai Қазақстан, Ресей және бірқатар елдерге рейстерді уақытша тоқтатты
-
22:40, 13 маусым 2025
Анна Данилина Лондондағы беделді турнирдің финалына шықты
-
22:20, 13 маусым 2025
Тұман, бұршақ және найзағай: Алматыда және 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
22:07, 13 маусым 2025
Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты алты елдің үстінен ұшуға тыйым салды
-
21:52, 13 маусым 2025
Аcтанада автобус аялдамасын сындырған ер адам жазаланды