Алматыда түзеу орталығының қызметкері қамауға алынды
© Сурет: ҚР ІІМ
Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы түзету орталықтарының бірінің қызметкері тарапынан жасалған құқыққа қарсы әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәлар мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынуда.
Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Тергеу қорытындысы бойынша күдіктінің әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:34, 4 наурыз 2026
Оралда криминалдық полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған үш адамды бір тәулікте тапты
-
10:28, 4 наурыз 2026
Қазақстанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережелері өзгерді
-
10:14, 4 наурыз 2026
Мансап орталықтарының басшыларына қойылатын талаптар жаңартылды
-
10:02, 4 наурыз 2026
Алматыда қауіпсіздік талаптарын сақтамаған бардың қызметі тоқтатылды
-
09:57, 4 наурыз 2026
Қазақстандықтарды шұғыл эвакуациялау: Таяу Шығыс елдерінен жаңа рейстер ел әуежайларына келіп қонды





