Жалған полицейге сенген астаналық 17,6 млн теңгесінен айырылды
© Фото: pexels
Астанада жәбірленушінің жеке өміріне қатысты мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан аса ірі көлемде ақша бопсалаған ер адам сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласы прокуратурасының 2026 жылғы 27 тамыздағы мәліметінше, сотталушы жәбірленушінің жеке өміріне қатысты мәліметтерді пайдаланып, оны көпшілікке таратамын деп қорқытқан және ақша талап еткен.
"Психологиялық қысымды күшейту үшін ол мессенджерде жалған аккаунт ашып, өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырған. Кейін мәліметтерді таратпауға қатысты "мәселені шешу" үшін ақша беру керектігіне жәбірленушіні сендірген. Қоқан-лоқыдан сескенген жәбірленуші оған 17,6 млн теңгеден астам қаражат берген", – деп хабарлады қадағалау органы.
Сот ер адамды жеті жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Ақмола облысында кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланған еді. Іс бойынша күдіктілердің қатарында танымал спортшы да бар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:17, 27 тамыз 2026
27 тамыз кешінен бастап Алматыдағы ірі көшелердің бірінде қозғалыс сызбасы өзгереді
-
14:08, 27 тамыз 2026
626 млрд теңгенің қазынасы: 400 жыл бұрын суға кеткен кеме табылды
-
14:01, 27 тамыз 2026
Қазақстандықтардың депозиттен түсетін табысына 5% салық салына ма
-
13:31, 27 тамыз 2026
Декреттік төлем алу үшін жеке кәсіпкерлікті жабу керек пе
-
13:23, 27 тамыз 2026
Қызметі төмендетіліп, басқа өңірге ауыстырылған: Астанадағы қасбет құлағаннан кейін құтқарушыларға не болды





