Қазақстандықтардың депозиттен түсетін табысына 5% салық салына ма
© Фото: сгенерировано с помощью ИИ
Әлеуметтік желілерде Қазақстанда азаматтардың банктік депозиттері бойынша алатын сыйақысына 5% салық енгізілетіні туралы ақпарат тарады. ҚР Ұлттық экономика министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Желіде тараған жазбаларда банктердің салымшыларға депозит бойынша есептейтін сыйақысына салық салынатыны айтылған.
2026 жылғы 27 тамызда Ұлттық экономика министрлігі аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Әлеуметтік желілерде тараған банктік депозиттер бойынша сыйақыға 5% салық енгізілетіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", – делінген ведомство хабарламасында.
Министрліктің түсіндіруінше, Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың банктердегі салымдары, яғни депозиттері бойынша төленетін сыйақыға жеке табыс салығы салынбайды.
"Бұл норманы алып тастау және депозиттік сыйақыға салық енгізу мәселесін Қазақстан Үкіметі қарастырып отырған жоқ", – деп толықтырды министрлік.
Бұған дейін, 13 тамызда, Қазақстанда құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерін жұмыстан шығаруға және басқа қызметке ауыстыруға "мораторий" енгізілгені туралы ақпараттың жалған екені хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:27, 27 тамыз 2026
ОСК Құрылтай депутаттарын тіркеді
-
14:17, 27 тамыз 2026
27 тамыз кешінен бастап Алматыдағы ірі көшелердің бірінде қозғалыс сызбасы өзгереді
-
14:08, 27 тамыз 2026
626 млрд теңгенің қазынасы: 400 жыл бұрын суға кеткен кеме табылды
-
13:31, 27 тамыз 2026
Декреттік төлем алу үшін жеке кәсіпкерлікті жабу керек пе
-
13:23, 27 тамыз 2026
Қызметі төмендетіліп, басқа өңірге ауыстырылған: Астанадағы қасбет құлағаннан кейін құтқарушыларға не болды





