«Жалдамалы дос»: Таиландта ерекше қызмет түрі іске қосылды
© Сурет: pexels
Таиландта "жалдамалы дос" деп аталатын жаңа қызмет пайда болды. Енді ақша төлеп, бірге саяхаттауға, фильм көруге немесе жаттығуға баратын серік жалдауға болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Mainichi мәліметінше, сала өкілдері соңғы жылдары бірге уақыт өткізетін серіктестерге деген сұраныстың артқанын айтады. Бұған жалғыз тұратын адамдар санының көбеюі, өмір салтының өзгеруі және әлеуметтік желілердің ықпалы себеп болып отыр.
Euromonitor International халықаралық зерттеу компаниясының дерегінше, 2025 жылы Тайландтағы үйлердің 29,5%-ында жалғызбасты адамдар тұратыны белгілі болған. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 21,9%-ға жоғары.
Алайда көптеген клиент үшін серік жалдауға жалғыздық емес, ыңғайлылық пен белгілі бір жағдайлар себеп болады.
Жергілікті тұрғын Сасипрапа Нуконг құрбысымен бірге саяхатқа шыққанын айтты. Олар бір күнді әртүрлі қызығушылықтарына арнауды шешкен. Құрбысы тауға жорыққа барғысы келсе, Сасипрапа қаланы аралауды қалаған. Сол кезде ол "жалдамалы дос" қызметін ұсынатын студентпен байланысқан.
"Кейде бізге ұзақ мерзімді қарым-қатынас емес, белгілі бір уақытқа ғана серіктес керек", – деді Сасипрапа Нуконг.
Принцесса Маха Чакри Сириндхорн атындағы Антропология орталығының әлеуметтанушысы Нарупон Дуангвисес өз баяндамасында жалдамалы серіктермен араласу күнделікті өмірде достар табуға қиналатын адамдарға эмоционалдық тұрғыдан жайлылық бере алатынын жазған.
"Жалдамалы достардың" ең танымал қызметі – бірге фотосессияға түсу. Сонымен қатар оларды жүгіруге, дүкен аралауға немесе отбасылық мерекелерге бірге бару үшін де жалдайды.
Қызметті ұйымдастырушының айтуынша, оның бір сағаты 1000 бат, яғни шамамен 13 840 теңге болады.
Бұған дейін жұптар арасында сауалнама жүргізіліп, бюджеті бөлек адамдардың ақшаға байланысты жиі жанжалдасатыны анықталған. Серіктестер қаржы мәселесін қарым-қатынас басталғаннан кейін көп уақыт өткен соң ғана талқылай бастайтыны белгілі болған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:01, 4 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады
-
16:00, 4 қыркүйек 2026
Ник Кирьос допинг дауына байланысты ақталды: теннисші халықаралық жарыстарға қайта оралады
-
15:54, 4 қыркүйек 2026
Алматыда 4-13 қыркүйек аралығында Центральная және Талды көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
-
15:45, 4 қыркүйек 2026
4 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар бағамы тағы өсті
-
15:40, 4 қыркүйек 2026
Заңсыз несие берген екі қазақстандық 1 миллиард теңгеге жуық пайда тауып, түрмеге түсті





