Сәтбаев қаласында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақ кепілі» атты форум өтті

15:46, 29 қазан 2026
MKZ: 1575018

© Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәтбаев қаласында қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң үстемдігін нығайту және жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында "Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақ кепілі" атты қалалық форум ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауқымды шараға қаланың білім беру ұйымдарынан 600-ге жуық 9–11-сынып оқушысы, құқық қорғау органдарының өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Сәтбаев қаласында "Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақ кепілі" атты форум өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2026 15:46

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Форум барысында Ұлытау облысы прокурорының аға көмекшісі Шырын Қанаятова, Сәтбаев қаласы прокурорының орынбасары Мейіржан Тельманов, Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы Амангелді Құрақбай және Сәтбаев қаласы полиция бөлімінің өкілдері сөз сөйлеп, заңдылықты сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру мәселелеріне тоқталды.
Сәтбаев қаласында "Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақ кепілі" атты форум өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2026 15:46

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жиында "Заң мен тәртіп" қағидатының қоғам өміріндегі маңызы кеңінен талқыланып, әрбір азаматтың заңға құрметпен қарауы – қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастырудың басты алғышарты екені атап өтілді.
Форум аясында қатысушыларға арналған үгіт-насихат тобының қойылымы ұсынылып, құқықтық тақырыптағы Kahoot интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.Интерактивті ойын арқылы оқушылар өздерінің құқықтық білімдерін сынап, заң мен тәртіпке қатысты маңызды мәліметтерді меңгерді.
Сәтбаев қаласында "Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақ кепілі" атты форум өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2026 15:46

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, шара барысында патриоттық әндер шырқалып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.
Сәтбаев қаласында "Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақ кепілі" атты форум өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2026 15:46

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Заңға құрмет – әділетті қоғамның негізі, ал тәртіп пен жауапкершілік – қауіпсіз болашақтың кепілі!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!