Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Грузиядағы Grand Slam турнирінің чемпионы атанды
© Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұрқанат 66 келіге дейінгі салмақтың финалында әзірбайжандық Туран Байрамовпен кездесті.
Тартысты өткен белдесуде отандасымыз соңғы секундтарда ұтымды әдіс жасап, "юко" ұпайына ие болды. Нәтижесінде алтыннан алқа тақты.
Айта кетейік, Нұрқанат Серікбаев 2024 жылы Тбилисиде өткен Grand Slam турнирінде де жеңіске жеткен еді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:16, 20 наурыз 2026
Өскеменде ер адам сталкинг үшін сотқа тартылып жатыр
-
21:49, 20 наурыз 2026
Бопсалау және қысым: ШҚО-да студент бірқатар қылмыс жасады деген күдікке ілінді
-
20:58, 20 наурыз 2026
Дзюдодан Грузиядағы Grand Slam турнирі: Талғат Орынбасар қола жүлде жеңіп алды
-
20:10, 20 наурыз 2026
Тоқаевтың атына Ораза айтқа орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
-
19:40, 20 наурыз 2026
21 наурызда қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды





