Зейнетақыны қайта есептетіп, мөлшерін арттыруға болады

09:36, 29 наурыз 2024

© Сурет: Zakon.kz

Зейнетақыны қайта есептеп, мөлшерін арттыруға болады. Заңгерлердің айтуынша, көптеген азамат еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан мардымсыз зейнетақы алып жүр, деп жазады Zakon.kz.

Алайда, оны қайта санатып, көбейтіп алу әбден мүмкін, - дейді. Ол үшін не істеу керек және қандай жағдайда зейнетақыны еселеп алуға болады?

Өскемен қаласының тұрғыны Кәрікбос Қайролдаұлының зейнетке шыққанына жарты жыл болған. Зейнеткердің айтуынша, ол 90-шы жылдары бір мекемеде 6 жылға жуық уақыт жұмыс істеген. Зейнет жасына жеткенде сол еңбегін дәлелдейтін құжаты дұрыс болмай шығыпты. Сөйтіп, бастабында зейнетақысы мардымсыз болған. Алайда, 3 ай сергелдеңге салынып, оны 2 есеге көбейтіп алыпты, деп жазады

"Меруертке 2023 жылдың шілде айында келдім, расчет жасап, документтерді тексеріп, архивке запрос жібердім. Бірақ мен Ақбұлақ ауылында, Ақбұлақ деген кооперативте 5 жыл бойы жұмыс істегенмін. 5 жыл 8 ай. Сот арқылы шешу керек деп 3 ай сотта болдық. Екі есе көбейтілді." Қуаныш Карипов, зейнеткер

Осы бағытта қызмет көрсететін заңгер Меруерт Әдепқызының айтуынша, елімізде бейнетінің зейнетін көре алмай жүрген қария көп. Өйткені, көбінің белгілі бір кезеңде жұмыс істегенін растайтын құжаттары жоғалған немесе кітапшаларында қателіктер бар. Сондықтан еңбек өтілдері дұрыс көрсетілмейді. Сәйкесінше, зейнетақы да аз шығады. Алайда, қайта есептетіп, ынтымақтық және базалық зейнетақы мөлшерін өсіруге болады, - дейді заңгер.

"Ондай жағдай өте көп. Себебі кейбіреулері ойлайды, менде трудовая книжкалары жоғалған адамдар бар иә, немесе военный билеті жоғалған адамдар бар. Барлығы ойлайды менде трудовая книжкамда стаж көп, мен максималды пенсия аламын деп иә. Ол қателік. Себебі архивтік құжаттар болмай қалуы мүмкін. Сол үшін ертерек дайындалу керек. Архивтік справканы ерте алып қою керек." Меруерт Әдепқызы, заңгер

Еңбек министрлігінің дерегінше, мұндай жағдайлар расымен болып тұрады. Зейнетақыны қайта есептету үшін еңбек кітапшасын, ал онда мәлімет болмаған жағдайда, мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттардың анықтамалары мен соттың шешімін жауапты органга тапсыру керек, - дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

"Негізі ол енді жанағы государственный копорация дейміз ғой, сол жерге барып өзі жүктейді, арызын беріп. Сол жерден қайтадан есептеп береді. Негізі анықтаманы сіз 1414 телефоны арқылы ала аласыз, және де жанағы гос копорацияда деп отырмыз, сол жерде." Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Бірақ бұл кез келген зейнетақыны қайта есептеп, көбейтуге болады деген сөз емес. Ол зейнетке шығарда тапсырылатын құжаттардың бірінде кілтипан болған жағдайда ғана қарастырылады. Айта кетейік, жыл басынан бері ынтымақты зейнетақы көлемі азаматтың жасына және еңбек сіңірген жылдарына қарай 9%-ға, базалық түрі 7%-ға өскен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!