Заңсыз айналымға қарсы күрес: Алматыда есірткі курьері ұсталды
© Фото: polisia.kz
Ішкі істер министрлігі "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру аясында елде есірткінің таралуына жол бермеу бойынша мақсатты іс-шараларды жалғастыруда.
Алматы қаласының Алатау ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде интернет-дүкеннің бір тармағының қызметі тоқтатылды. Онда 20 жастағы жасырын жеткізуші жұмыс істеген.
Жеке тінту барысында наркокурьерден 127 орам мефедрон және таратуға дайындалған 2 мың "экстази" таблеткасы, сондай-ақ тұрғылықты жерінен шамамен 1 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Жалпы салмағы 2,5 келіні құрады, бұл тұтынушыға жетпеген 6 мың бір реттік дозаға тең.
Төлем криптовалюта арқылы алынған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Есірткі таратуда қылмыстық схемалар мен жасырын цифрлық технологияларды қолдану жауапкершіліктен құтқармайды. Ішкі істер министрлігі күмәнді, жоғары табыс уәде ететін ұсыныстардан дер кезінде бас тартуға және заң бұзбауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:55, 30 сәуір 2026
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің функциялары жаңартылды
-
10:42, 30 сәуір 2026
Қазақстанда туризм жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды
-
10:34, 30 сәуір 2026
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы өзгертілді
-
10:23, 30 сәуір 2026
Ұлттық банк теңгенің ресми бағамы белгіленетін шетел валюталарының тізімін кеңейтпек
-
10:10, 30 сәуір 2026
Көлік сатып алушыларды алдап, Ресейге қашқан қазақстандық елге қайтарылды





