Заңгер Айман Умарова Түркістан облысы тұрғындарына тегін онлайн кеңес береді
2020 жылдың 28 мамырында сағат 19-00 бастап "ADAL KOMEK" жобасы аясында белгілі адвокат және құқық қорғаушы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің мүшесі Айман Умарова Түркістан облысының тұрғындары үшін Fаcebook әлеуметтік желісі арқылы тегін онлайн - кеңес өткізеді.
Айман Умарова азаматтық және қылмыстық істер бойынша тәжірибе жинақтаған белгілі құқық қорғаушы.
Қызықтыратын сұрақтарыңызды +7 776 577 92 67 (видео немесе текст Түркістан облысынан екеніңізді көрсете отырып) Whatsapp нөміріне жолдауларыңызды сұраймыз.
Консультациялар көпшілік алдында жария түрде талқыланатын болады (құпиялылық сақталмайды).
Кейбір мәселелер әлеуметтік желілерде жарияланып, теледидар бағдарламаларында қолданылуы мүмкін.
Тікелей эфирді Fаcebook әлеуметтік желісіндегі https://www.facebook.com/aiman.umarova және https://www.facebook.com/anticorruption.turkistan.kz/ парақшалары арқылы көруге болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды
-
19:57, 18 желтоқсан 2025
Қостанай облысында жабық жолда тәртіп бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
-
19:31, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
-
19:30, 18 желтоқсан 2025
Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды
-
19:22, 18 желтоқсан 2025
Астанадағы заңсыз техника саудасы: 600-ден астам телефон тәркіленді





