«YDD corporation» ЖШС Ерлан Нығматулиннің қамауға алынғаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды

13:54, 25 қыркүйек 2022

© Сурет: Zakon.kz

Бұған қатысты "YDD corporation" компаниясының баспасөз қызметі ресми хабарлама таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кейбір желі парақшаларында Ерлан Нығматулиннің тұтқындалғаны туралы хабарлама тарап жатыр, өз кезегімізде бұл ақпарат жалған екенін хабарлаймыз "YDD corporation" компаниясының баспасөз қызметі

Сондай-ақ компания азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін көрінеу жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабында көзделген қылмыстық жауапкершілік бойынша қудалауға әкеліп соқтыратынын еске салады.

"YDD Corporation" ЖШС - Қарағанды ферроқорытпа зауыты. Ерлан Нығматулин зауыттың акционері болып табылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!