Витаминді көп ішу өкпе ауруларын асқындырады – дәрігер

15:03, 8 шілде 2020

Жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева симптомды және аз симптомды науқастардың коронавирус инфекциясынан үй жағдайында өз бетінше емделу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Аз симптомды ауруы бар науқастар вирусқа қарсы және антибактериялық препараттарды қолданбауы керек. Ондай науқастар ақуызы көп тамақты ішіп,сұйықтықты көп тұтынып, С, D витаминдерін қолдану керек. Температура көтерілген жағдайда парацетамол немесе ибуфен ішу керек. Витаминді көп мөлшерде қолдану өкпенің ауруларын асқындырып жібереді. Қызу 38 градустан жоғары болып, токсикацияның симптомдары пайда болса, пневмонияның өршуін болдыртпай, дереу дәрігерге көріну қажет, - деді ол.

Коронавирус індеті кезінде вирусқа қарсы препараттар жазылады.

Мәселен, лопинавир, ремдесивир,фавипиравир және гидрокси-хлорофилл. Алайда бұл препараттардың салдары туралы да ұмытпаған жөн. Симптомсыз науқастар бұл препарттарды қолданбауы тиіс. Бұл дәрілер тек дәрігердің тағайындау бойынша қолданылу керек, - деп қосты ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!