Вице-президент лауазымы: Конституцияға қандай өзгерістер енгізу көзделуде

14:46, 24 қаңтар 2026

© Сурет: Telegram/consud.kz

Астанада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Мемлекет басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, вице-президентті жалпы депутаттар санының көпшілік дауысымен білдірілген Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайды.

Вице-президентті қызметінен Президент босататын болады.

Вице-президент:

  • Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастардағы мүдделерін білдіреді;
  • Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Президенттің атынан өкілдік етеді.
"Сонымен қатар вице-президент Қазақстан Республикасы Президенті атынан Қазақстан Республикасының және шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен қарым-қатынас орнатады". Ержан Жиенбаев

Вице-президенттің өзге де өкілеттері Президентпен айқындалады.

"Вице-президент институтының енгізілуіне байланысты Конституциядан Мемлекеттік кеңесші туралы нормалар алынып тасталады. Конституция деңгейінде вице-президентке қойылатын талаптарды көздеу қажет. Вице-президент өкілді органның депутаты болмауға, өзге де ақылы лауазымдарды атқармауға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмауға тиіс. Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде вице-президент саяси партияның мүшесі болмауға тиіс. Мұндай тәртіп саяси бәсекелестікті арттыруға және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымға сәйкес келеді".Ержан Жиенбаев

Айта кетсек, 2026 жылғы 20 қаңтарда Ұлттық құрылтайдың V отырысында Конституцияда тиісті түрде бекіте отырып, вице-президент деген жаңа лауазым құру жайлы айтылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!