Веломобильмен отбасылық серуен: Павлодарда оқыс оқиғадан бір адам қаза тапты
© Фото: Zakon.kz
Павлодарда Ертіс жағалауындағы серуен қайғылы оқиғамен аяқталды. Төрт дөңгелекті велосипед қоршауға соғылып, соның салдарынан зейнеткер әйел қаза тапты. Тағы төрт адам, оның ішінде үш бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 7 шілдеге қараған түні орталық жағалауда орын алған.
"Әйел үш немересі және анасы (зейнеткер) төртаяқты велосипедпен серуендеп жүрген. Төменге түсу кезінде басқаруды игере алмай, темір қоршауға соғылған. Құлаған сәтте зейнеткер әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Оның қызы мен үш немересі ауруханаға жеткізілді", – деп мәлімдеді полиция.
Қазіргі уақытта полиция әйелдің өліміне себеп болған жазатайым оқиға бойынша тексеру жүргізіп жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне шақыру сағат 23:08-де түскен. Алты минут ішінде дәрігерлер оқиға орнына жеткен.
"Өкінішке қарай, дәрігерлер 69 жастағы әйелдің қайтыс болғанын растады. 2010, 2015 және 2018 жылы туған үш қыз бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 39 жастағы тағы бір әйел Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді", – деп мәлімдеді дәрігерлер.
Бұған дейін Балқаш маңындағы тасжолда болған жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапқандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:17, 10 ақпан 2026
Абзал Әжіғалиев: Соңына дейін күресеміз, Олимпиада әлі біткен жоқ
-
23:06, 10 ақпан 2026
Астанада, Шымкентте және 17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
22:41, 10 ақпан 2026
14 жастағы Ахмади Маханов мансабындағы алғашқы ITF Juniors титулын жеңіп алды
-
22:07, 10 ақпан 2026
Тоқаев Санаэ Такаичиді құттықтады
-
22:07, 10 ақпан 2026
Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиді құттықтады





