«Вакциналарда өмірге қауіпті металл нанобөлшектері табылды» – фейк

21:05, 5 тамыз 2022

© Сурет: pexels

Қазақстандықтар желіде вакцинада белгілі бір қатерге ие нанобөлшектер барын дәлелдейтін видеоны өзара бөлісіп жатыр. Видеода италmяндық ғалымдар электронды микроскоптың көмегімен жүздеген түрлі үлгіде нанобөлшектерді анықтайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіде тараған видео 2017 жылы, COVID-19 пандемиясына дейін түсірілген. Демек, онда осы ауруға қарсы емес, жалпы вакциналар туралы айтылған. 

Видеода 2017 жылы вакциналардағы нанобөлшектерге арналған еңбектерін жариялаған зерттеушілер Стефано Монтанари мен Антониетта Гатти көрсетілген. Кейіннен, осы еңбектің негізінде олар вакцинацияның зияны туралы кітап шығарды.

Әлеуметтік желі

Сурет: видеодан алынған

Олар зерттеу барысында Модена университетіне тиесілі электронды микроскопты қолданған. Бір қызығы, университет бұрын өз жабдықтарын осындай тәжірибелер үшін пайдалануға тыйым салып келген, өйткені бұл олар үшін қолайлы емес. Бұл микроскоп ең аз мөлшердегі затты көрсете алады, ал оның болуы ешқандай рөл атқармауы мүмкін. Сонымен қатар олардың зерттеу нәтижелері жарияланған журнал жалған және саяси жанжалға қатысы бар болып шықты, делінген stopfake.kz хабарламасында.

Бұл зерттеу нәтижелері басқа ғылыми журналда жарияланған кезде, олар ғылыми қоғамдастықтың сынына ұшырады. Гатти мен Монтанаридің еңбегі мойындалмай, ғылымға қарсы деп танылды. 

Олар 2018 жылы Эстонияда шығарған кітап сатылымнан алынып тасталды. Мұның екі себебі болды: вакцинацияға қарсы қауіпті идеяларды насихаттау және жарияланымға демеушілік жасаған саясаткерлермен күмәнді байланыстар.

Айта кетейік, Гатти мен Монтанариден кейін вакциналарды зерттеумен айналысатын бірде-бір беделді ғалым олардың тұжырымдарын растаған жоқ. Италиялық ғалымдардың еңбегі осы күнге дейін расталған немесе маңызды болып саналмайды. Демек, таралған видеоға сенудің қажеті жоқ, делінген хабарламада.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!