«Үсік жүріп, жаңбыр жауады». Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

22:30, 11 сәуір 2025

© Сурет: pixabay

12-13 сәуірде Алматы, Астана қалалары мен еліміздің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидрометтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Павлодар облысында 12 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 13 сәуірде облыста 12-17 градус жылы болып, сынап бағаны сәл төмендейді.

Түнде Атырау облысының батысында топырақ беті қатып, 2 градус үсік жүреді деп күтіледі.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды, сондай-ақ облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 23 м/с дейін жетеді. Көкшетауда таңертең және күндіз найзағай ойнайды, оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. 13 сәуірде Ақмола облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылыны көрсетеді, облыстың батысында 3 градус аяз болып, үсік жүреді деп болжанады. Көкшетауда 13 сәуірде ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 10-12 градус жылы болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 16 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 16 м/с.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с дейін жетеді.

Астанада күннің соңында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-18 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының шығысында қатты жаңбыр жауады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман, 2 градус аяз болады деп күтіледі. Ақтөбе қаласында түнде 0-2 градус аяз болады деп болжанады.

Түнде Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың орталығында, шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада күндіз найзағай болады деп күтіледі.

Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Қостанайда түнде және таңертең кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түсіп, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік жүреді деп күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, түнде және таңертең батысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойысса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ұйытқи соққан шаңды дауыл күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістанда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан жел екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрып, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында соққан жел екпіні 25 м/с дейін жетеді. Семейде күндіз шаңды дауыл тұрады, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өскеменде жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қонаевта оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с құрайды.

Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!