Астананың әуе кеңістігін жабу: маңызды ақпаратты Көлік министрлігі таратты

11:25, 16 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

ҚР Көлік министрлігі бүгін, 2025 жылдың 16 сәуірінде Астананың үстіндегі әуе кеңістігін уақытша жабу туралы хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған себеп – әскери парадқа дайындық.

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес елордада 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі, Бұл туралы сәрсенбі күні ҚР Көлік министрлігінің Telegram-каналында жарияланған хабарламада айтылған", – бұл туралы сәрсенбі күні ҚР Көлік министрлігінің Telegram-каналында жарияланған хабарламада айтылған.

Осыған байланысты жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеруді, сондай-ақ әуе компания мен әуежайдың ақпарат қызметтерінен рейс күйін тексеруді сұраймыз:

Air Astana

Алматы: + 7 (727) 244 44 77

Астана: + 7 (7172) 58 44 77

қосымша тел.: + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77

SCAT +7 (7252) 99 88 80

Qazaq Air +7 (727) 356 14 14

FlyArystan +7 (727) 331-10-10, + 7 702 702 02 27 (WhatsApp)

Астана әуежайы +7 (7172) 702–999

Қаңтардың 3-і күні "Ана тілі" газетіне берген көлемді сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу 2025 жылдың мемлекеттік күн тәртібінде маңызды орын алатынын айтты. Атап айтқанда, президент Астанада әскери парад өтетінін жариялады.

Кейін 7 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру өтетіні, оған 4,5 мың адам қатысатыны белгілі болды.

Айта кетейік, Қазақстанда 2020 жылдан бері әскери шерулер өткізілмеген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!