8 жыл бұрын жоғалған қазақстандықтың жеке басы ДНҚ арқылы анықталды
© Фото: polisia.kz
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 8 жыл бұрын із-түзсіз жоғалған азаматтың жеке басын ДНҚ сараптамасы арқылы анықтады. Бұл туралы 2026 жылғы 23 сәуірде ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес, өткен жылдары ашылмаған қылмыстарды анықтау жұмысы жүйелі түрде жалғасып келеді.
Тергеу барысында сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, соның нәтижесінде бұрын жоғалған деп есептелген азаматтың жеке басы нақтыланған. Ведомство мұндай жұмыстардың алдағы уақытта да жалғаса беретінін атап өтті.
Бұл – мұқият талдауды, айғақтарды қайта зерделеуді, деректерді салыстыруды және криминалистиканың заманауи мүмкіндіктерін қолдануды талап ететін күрделі әрі кезең-кезеңімен жүргізілетін жұмыс.
"Бүгінде ІІМ-нің молекулалық-генетикалық зертханасының әлеуетінің арқасында ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар ондаған тұлға анықталды. Адам өлтіру және зорлау фактілері, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар ашылды. Аталған істер бойынша жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, кейбір істер бойынша алғашқы сот үкімдері де шықты. Сондай-ақ ведомство хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды анықтауға ерекше назар аударады." ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек
Мысалы, 2017 жылы 27 жастағы ер адам Семей қаласынан шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған. Анасы полицияға жүгінгенімен, ол кезде оның жүрген жерін анықтау мүмкін болмаған. Уақыт өте келе Қызылорда облысында белгісіз адамның сүйек қалдықтары табылды.
"Жүргізілген ДНҚ-сараптамалары мен заманауи криминалистикалық әдістердің нәтижесінде полицейлер марқұмның жеке басын анықтап, оны із-түзсіз кеткен азамат екендігін растады. Әрбір осындай деректің артында жедел уәкілдер, тергеушілер мен криминалистердің үлкен әрі мұқият еңбегі жатыр. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу және хабар-ошарсыз кеткендердің тағдырын анықтау жұмыстары жалғасуда. Заманауи тергеу тәсілдері мен криминалистиканың мүмкіндіктері қылмыс жасалған уақытқа қарамастан, тұлғаларды анықтауға және қылмыскерлерді табуға мүмкіндік береді. Ешбір қылмыскер жазасыз қалмауы тиіс – бұл Заң мен Тәртіптің басты қағидаты", – деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:58, 23 сәуір 2026
Қазақстан армиясында смартфон қолдануға рұқсат берілді: не өзгерді
-
12:40, 23 сәуір 2026
Қарағандыда көші-қон талаптарын бұзғандар жауапқа тартылды
-
12:21, 23 сәуір 2026
Ақтөбеде полицейлер таксиде ұмыт қалған телефонды иесіне қайтарып берді
-
12:09, 23 сәуір 2026
Қазақстан ТМД елдері ішінде алғаш болып ДДСҰ-ның жоғары мәртебесіне ие болды
-
11:56, 23 сәуір 2026
Астанада «Көркем-3» тұрғын үй кешенінде суицид жасау әрекеті: жас жігіт қамауға алынды





