Ұшақ апаты. Дәрігерлер ауруханадағы екеудің жағдайы туралы айтып берді

12:37, 14 сәуір 2021

© Сурет: әлеуметтік желіден алынды

No4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков Алматы маңында әскери ұшақ құлап, ауруханаға жатқызылған екі адамның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Екі науқас та No4 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланады, екінші әскери қызметкердікі - тұрақты-ауыр. Комбустиологтар күйікке қатысты ауруды емдейді. Дәрігерлер науқастардың бірін аутодермопластикаға (өз терісінің сау жерін қатты зақымданған орнына трансплантациялауға) дайындап жатыр, бірінші кезең сәтті өтті, - деді ол.

13 наурызда АН-26 әскери ұшағы Алматы маңында қону кезінде апатқа ұшырады. Төрт адам қайтыс болып, екеуі ауруханаға түсті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!