Ұлытау облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында» атқарылған жұмыстар қорытындыланды
© Сурет: Ұлытау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Ұлытау облысының "Өңірлік коммуникациялар қызметі" алаңында "Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің ағымдағы жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындысы" тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Жолдыбаев соңғы 9 айда өңірдегі жағдайды реттеуге бағытталған ауқымды жұмыс жүргізілгенін айтты.
Әсіресе алдын алу шараларына және қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен мінез-құлықты қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында бекітілген әлеуметтік маңызы бар салалардағы құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге басты назар аударылды.
"Превенция бойынша департамент бірінші басшылар деңгейінде түсіндірме дәрістер мен семинарлар өткізумен мақсатты алдын алу жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күні өткізілген 167 іс шаралардың аясында 10 мыңға жуық адам қамтылған. Бұл жұмысқа жұртшылық, БАҚ және еріктілер де тартылады." Ерлан Жолдыбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы
Осы жұмыс аясында спектакльдің премьерасы ұйымдастырылып, қысқа метражды фильм түсірілді. Мұның бәрі саналы ойлауды қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік танытуға бағытталған.
Жезқазған қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпаратпен және Call-орталықтың 1424 нөмірі көрсетілген қоғамдық көлік жүреді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 6 мыңға жуық үлестірме материалдар дайындалып, оларды еріктілердің көмегімен таратылды. Халыққа қызмет көрсету орталығының мониторларында халықтың көпшілігін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы заставкалар орналастырылды, сондай-ақ call-орталық-1424 нөмірі бар компьютерлік тінтеуірге арналған арнайы кілемшелер дайындалды.
Сонымен қатар, Департамент басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша автожол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау басталып, өз мәресіне жетуде екенін атап өтті.
Жол саласындағы мердігерлік ұйымдардың орындаған жұмыстарының сапасы кепілдік мерзімдеріне тікелей байланысты.
Қазіргі таңда, мамандардың ұсынысымен уәкілетті органдар жолдарды реконструкциялау және салу бойынша кепілдік мерзімдерін 84 айға дейін (7 жыл), орташа жөндеу бойынша 60 айға дейін (5 жыл) ұлғайту туралы бұйрықтар шығарды.
Бұл атқарылып жатқан жұмыстың оң нәтижесі деп саналуда. Дегенімен, кемшілік ретінде келесі жағдайлар анықталуда.
Қолданыстағы заңнамада автомобиль жолдарын міндетті түрде паспорттау және тексеру көзделген.
"Аймақтың "ұзақ құрылыстары" мәселесі сезімтал болып қала береді. Әлеуметтік тұрақтылық және жалпы облыстың дамуы оның шешіміне тікелей байланысты.
"Біздің өңірдің 4 әлеуметтік нысанының аяқталуының маңыздылығын жоғары бағалай отырып, Департамент олардың құрылысының барысына тұрақты бақылауды, оның ішінде уәкілетті органдарды, мердігер ұйымдардың өкілдерін, жұртшылық пен еріктілерді тарта отырып, көшпелі іс-шараларды қамтамасыз етеді", — деп жалғастырды спикер.
"Мемлекеттік сатып алу саласында біздің департаменттің негізгі және басым бағыттарының бірі бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеу болып табылатынын атап өткім келеді. Ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік сатып алу мониторингі аясында 1,3 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді, 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
"Бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда алдын алу, сондай-ақ жедел-тергеу жұмыстары бойынша көрсеткіштердің динамикасы айтарлықтай жақсарды және мұндай қарқынмен жұмыс жалғасатын болады", — деп мәлімдеді Ерлан Жолдыбаев.
Брифинг соңында Департамент басшысы: "Біз уәкілетті орган ретінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жедел ден қоятынымызды және олардың жолын кесу үшін қажетті шараларды қабылдауды жалғастыратынымызды ескертуді өз міндетім деп санаймын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — бұл ортақ міндет екенін түсіну маңызды", — деп сөзін қортындылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:47, 21 желтоқсан 2024
«Боран соғып, қар бұрқасындатады». 22 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде циклон жүреді
-
17:32, 21 желтоқсан 2024
Бағаны тұрақтандыру: Павлодар билігі тауар өндірушілермен келісімге отырды
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды