«Ұлы дала елі» бренді еліміздің танымалдылығын арттырады
Шетелдіктер біздің елді кәсіпорындарымыз шығарған сапалы тауар, компаниялар көрсеткен мүлтіксіз қызмет арқылы таниды. Бұл белгі жыл сайын жүзден жүйрік шыққандарға ғана беріледі.
Әбдез Рахманұлы, тілші
«Ұлы дала елі» – бұл ең үздік дегенді білдіретін бренд. Ондай белгіні көрген шетелдік тұтынушы Қазақстан мемлекетін көз алдына елестетіп, оның сапалы өнім шығаратынынан хабардар болмақ. Қазақ елінің қуатын көреді, шамасын сезінеді. Біздің ел туралы дұрыс пікір, оң көзқарас қалыптасады. Өйткені «Ұлы дала елі» брендін алу үшін тауар шығарушы көп сатылы сынақтан өткен. Кәсіпорын өнімінің 30 пайызын шетелде саудалауы тиіс. Ал ондағы қазақстандық мазмұн 50 пайыздан кем болмауы керек.
Жеңісбек Дулатов, ҚР «Атамекен» ҰКП департамент директоры
-Қазақстанды жақсы, сапалы тауар арқылы танитын болады. Екіншіден, біздің тауарөндірушілерге өнімдерін экспортқа шығаруға өте жеңіл болады. Яғни бір брендпен оңай шығады.
Бұл – экспортқа сапалы өнім шығаратындарды ынталандыратын жоба. Осылай еліміздің жақсы атын шығарумен қатар, өндірісті де дамытамыз. Қазір «Халық маркасы» деген топтамамен Ақтау әуежайындағы дюти-фриде қазақстандық 100-ге тарта өнім саудаланып жатыр. Енді осы топтамадағы тауарлар Еуропа елдері, Ресей, Біріккен Араб әмірліктері мен Әзербайжанда да сатылатын болды. Келісім жасалған.
Римма Тәжібаева, «Халық маркасы» федерациясының жетекшісі
-Әлем нарығында Қазақстандық брендтердің, компаниялардың өндірістік қуаттары артады. Қазір компаниялар 20-30 қуаттылықпен жұмыс істеп жатыр. Осылай әлемдік дюти-фри арқылы олардың қуаттылығына үлкен көмегін тигізеді.
Бүгін «Ұлы дала елі» брендіне ие болған алғашқы 3 компанияның аты аталды. Бірі трансформатор, екіншісі аккумулятор шығарады. Кондитерлік өнімдерімен талайды тамсандырған компания да брендті пайдалану құқығына ие болды.
«Ұлы дала елі» бренді тауарөндірушілерді жігерлендіргенімен қоса, жауапкершілік те жүктейді. Өнімінің сапасы төмендемеуі керек. Сол арқылы елімізді таныта түседі.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:41, 19 желтоқсан 2025
Жамбыл облысында полиция есірткі арнасының жолын кесті
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті





