Ұлттық стандартқа сай келмейтін тулар алынып, жойылады
© Сурет: Zakon.kz
Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін ҚР Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін Мемлекеттік ту мен Елтаңбаны ауыстыруды және жоюды Конституциялық заңға сәйкес мемлекеттік органның немесе ұйымның тұрақты комиссиясы жүзеге асырады. Бұл ретте, ұлттық стандарттарға сәйкессіздік республиканың мемлекеттік туы мен елтаңбасына белгіленген пішінді, өлшемді және техникалық талаптарды бұзу екені түсіндіріледі.
Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін мемлекеттік атрибуттарды ауыстыруды және жоюды олардың өтініші бойынша олар орнатылған ғимараттар мен үй-жайлардың меншік иелері жүзеге асырады.
Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Ту мен Елтаңбаны ауыстыру бір жұмыс күнінде жүзеге асады деп жоспарланып отыр.
Жою оларды қайта пайдаланбас үшін жағу, балқыту, көлемі 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын бөліктерге ұсақтау, пішінсіз массаға немесе ұнтаққа айналдыру арқылы жүзеге аспақ.
Құжат Ашық НҚА веб-сайтына 27 сәуірге дейін жарияланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





