Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді

09:02, 19 қаңтар 2026

© Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда не туралы сөз қозғайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Ұлттық құрылтайдың V отырысы 2026 жылғы 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өтетінін еске салды.

"Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады", – деп атап өтті Желдібай бүгін, 19 қаңтарда.

Сонымен қатар, Руслан Желдібай Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстарына тоқталды.

2022 жылы – Ұлытауда;

2023 жылы – Түркістанда;

2024 жылы – Атырауда;

2025 жылы – Бурабайда өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысын өткізу күнін 2026 жылғы 12 қаңтарда бекітті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!