Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрші елден қару-жарақ контрабандасын тоқтатты

© Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымына қарсы тұруәрекеті бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Биылғы жылдың басынан ҰҚК полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп 12 автомат, 41 тапанша, 75 мылтық, 36 граната және әртүрлі калибрдегі 1 603 оқ-дәрі тәркіледі.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, бұл қарудың едәуір бөлігі "қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланған (барлығы 2022 жылдан бастап ҰҚК дағдарыс кезеңінде жоғалған 608 бірлік қару тәркілеген).
Осылайша, арсеналдың деструктивті ортаға түсу және оны қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қарсы пайдалану қаупі төмендетілді.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Сонымен қатар, Қазақстан аумағына қаруды заңсыз әкелу фактілері тіркелуде.
Яғни, ҰҚК көрші елден келетін қару контрабандасы арнасының жолын кесіп, ел аумағында он бірлік қаруды сатуға ниеттенген шетелдік азаматты ұстады. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қару-жарақ көліктің қаптамасына айлакерлікпен жасырылып, әрі ҚР азаматтары арасындағы сыбайластардың көмегімен жеткізілген.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Еске салайық, 2025 жылғы 18 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру мақсатында қабылданған Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын 2024 жылы іске асыру қорытындылары қаралды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:40, 29 сәуір 2025
Астана және Алматы айырбастау пункттеріндегі 29 сәуірдегі валюта бағамы
-
11:31, 29 сәуір 2025
Түркістан облысында шіркеймен күреске 1,5 млрд теңге бөлінді
-
11:23, 29 сәуір 2025
Алматыда көлік басқарған жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды
-
11:12, 29 сәуір 2025
Бектенов бірнеше облыс әкімдерінің жұмысын сынға алды
-
10:57, 29 сәуір 2025
Мүгедектігі бар адамдардың жәрдемақысы: Қазақстанда 2025 жылы кім және қанша алады