10 наурыздағы саудада доллар бағамы төмендеді
© Фото: pexels
2026 жылғы 10 наурызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 491,59 теңгені құрап, 2,25 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы 6,23 теңгеге дейін төмендеді (-0,02).
Ал Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 71,67 теңге болды (+0,11).
Айырбастау пункттерінде:
- доллар 493,4–495,8 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда;
- еуро 567–577,7 теңге аралығында;
- рубль 6,24–6,38 теңге шамасында.
Сонымен қатар мұнай бағасы АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран туралы мәлімдемесінен кейін шамамен 10%-ға күрт төмендеді. Ол Иран Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізілімін тоқтатуға әрекет жасаса, "жиырма есе қатты соққы жасалатынын" айтқан.
Нәтижесінде Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне шамамен 88 доллар деңгейінде тұрақтады. Ал америкалық WTI мұнайы 85 доллар шамасына дейін төмендеді, бұған дейін оның бағасы 100 доллардан асқан болатын.
Ормуз бұғазы – әлемдік теңіз арқылы тасымалданатын мұнайдың шамамен 20–30%-ы өтетін маңызды бағыт. Ол Парсы шығанағындағы елдердің мұнай экспортында негізгі рөл атқарады.
Бұған дейін Ұлттық банк таңертеңгі ресми бағамды:
- доллар – 493,85 теңге,
- еуро – 571,78 теңге,
- рубль – 6,25 теңге деп белгілеген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:10, 10 наурыз 2026
Air Astana наурыз айының соңына дейін Дубайға рейстерді тоқтатады
-
17:05, 10 наурыз 2026
Қазақстан құрамасы дзюдодан Аустриядағы Гран-при турнирін екі медальмен аяқтады
-
16:57, 10 наурыз 2026
Алматыда жануарлардың өлекселері табылды – полиция тексерісті бастады
-
16:51, 10 наурыз 2026
Астанада жанжал шығарған екі шетелдікке Қазақстанға кіруге тыйым салынды
-
16:46, 10 наурыз 2026
Қазақстан ресейлік автокөліктерге утиль алымды айна қағидасымен арттыруы мүмкін





