Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

ҚР ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Арман Дайырұлы Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
1997 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы Целиноград облысы жинақ банкі Ерейментау бөлімшесінің инспекторы болып бастаған.
1998-1999 жылдары — Ақмола облысы бойынша Салық комитетінің бас заң кеңесшісі, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы.
1999-2002 жылдары — Мемлекеттік кірістер министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы.
2002-2003 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінің консультанты.
2003-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымында жұмыс істеген.
2008-2011 жылдары — ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігі басшысының орынбасары.
2011-2018 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2018-2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы.
2019 жылы — ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі. 2019 жылғы 19 шілдеден бастап 2021 жылғы 19 қаңтарға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы болып жұмыс істеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:00, 25 ақпан 2021
Тірісінде қазақты тонағандарды өлген соң қазақ жеріне көмуге бола ма?
-
20:18, 25 ақпан 2021
Алматы облысының бас полицейі апта сайын эфирге шығып жүр
-
17:53, 25 ақпан 2021
Минскіде Қазақстан мен Беларусь ауыл шаруашылығы министрлері кездесті
-
17:41, 25 ақпан 2021
Тоқаев атом энергиясы мәселелері жөніндегі өзгерістері бар заң жобасына қол қойды
-
17:29, 25 ақпан 2021
Павлодар облысында 23 жасар өрт сөндіруші көз жұмды
Пікір