Ұлттық банк Үкімет үшін қосымша ақша басып шығара ма: Тимур Сүлейменов жауап берді

13:23, 26 маусым 2026

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 26 маусымда Үкімет кулуарында күтпеген жағдайларды қаржыландыру мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ұлттық банк басшысы Үкіметтің резерві республикалық бюджет аясында қалыптастырылып, Парламенттің бекітуімен қабылданатынын еске салды.

"Жоқ, ондай болмайды. Жаңа ақша басып шығарылмайды. Бұл – Үкіметтің өз қаражаты. Ол күтпеген жағдайларға арналған резерв және оның Ұлттық банкке ешқандай қатысы жоқ, – деді Тимур Сүлейменов.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы ұлттық валюта банкноттарының жаңа дизайны не себепті қайта қаралғанын түсіндірген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!