ҰҚК ірі есірткі зертханасының қызметін тоқтатты

11:59, 2 маусым 2026

© Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство дерегіне сүйенсек, 2026 жылғы мамырда Алматы облысында психотроптық заттарды дайындап жатқан жерінде Қазақстан азаматы ұсталды.

"Тінту барысында 3 кг психотроптық "а-PVP" заты, кристалдану сатысындағы 15 кг өнім, 700 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген". ҚР ҰҚК

Қазір қылмыстық кодекстің 297-1-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды". ҚР ҰҚК

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін полицейлер Алматы маңындағы есірткі зертханасын жойғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!