Теңге долларға шаққанда 5,1% әлсіреді: Ұлттық банк мамыр айының қорытындысын жариялады
© Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 1 маусымда Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі елдің валюта нарығына қатысты ай сайынғы ақпараттық хабарлама жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ұлттық банктің мәліметінше, мамыр айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 5,1% әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 486,51 теңге деңгейінде қалыптасты. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 394 млн АҚШ долларынан 392 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 6,7 млрд АҚШ долларына жетті.
"Мамыр айында республикалық бюджетке трансферттер бөлуді қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық қордан 500 млн АҚШ доллары көлемінде валюта сатылды. Бұл ретте Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 7,5%-ын немесе күніне шамамен 29,4 млн АҚШ долларын көрсетті", - делінген хабарламада.
Күтілетін фискалдық түсімдерді және Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдерін ескере отырып, Ұлттық банк маусым айында республикалық бюджетке трансферттер бөлу үшін Ұлттық қордан 200 млн АҚШ долларынан 300 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатуды жоспарлап отыр.
"Мамыр айында "айналау" операциялары аясында шамамен 354 млрд теңге алынды. Маусым айында осы мақсатта 354 млрд теңге баламасында валюта сатылады деп күтіледі. Ұлттық қор қаражатымен операциялар жүргізу кезінде, сондай-ақ "айналау" тетігін іске асыру барысында Ұлттық банк нарықтық бейтараптық қағидатын ұстанады". ҚР Ұлттық банкі
Ұлттық банк мамыр айында валюталық интервенция жүргізбегенін атап өтті.
"Өткен айдың қорытындысы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімінің бір бөлігін міндетті сату нормасы аясында сатылған валюта көлемі шамамен 410 млн АҚШ долларына бағаланды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесі 40%-дан төмен болуына байланысты Ұлттық банк мамыр айында биржадағы сауда-саттық барысында шетел валютасын сатып алғаны белгілі болды. Мұндағы сатып алудың жалпы көлемі 878,5 млн АҚШ доллары деңгейінде немесе жалпы сауда-саттық көлемінің шамамен 13%-ы көлемінде болды. Алдағы шешімдер зейнетақы активтерін инвестициялық басқару аясында нарықтағы ахуал ескеріле отырып қабылданады.
"Ашықтық қағидаты аясында Ұлттық банк валюта нарығында жүргізілетін операциялар туралы ақпаратты толық ашып көрсетуді жалғастырады. Қысқамерзімді келешекте теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстана береді".ҚР Ұлттық банкі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:25, 1 маусым 2026
Үш финалист пен бір күміс жүлде: қазақстандық гимнастардың Коперде өткен Challenge Cup кезеңіндегі нәтижесі
-
18:10, 1 маусым 2026
+37°C аптап пен бұршақ аралас нөсер: 2 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады
-
18:01, 1 маусым 2026
Қазақстан ат спортынан Астанадағы халықаралық турнирлерде 14 медаль жеңіп алды
-
17:49, 1 маусым 2026
Балаларды қорғау күніне орай өңірлердегі әлеуметтік мекемелерге қолдау көрсетілді
-
17:31, 1 маусым 2026
Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің қос бірдей ширек финалына шықты





