Мемлекет басшысы Алатау қаласының даму барысымен танысты
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары Алатау қаласының даму жоспарымен танысудан басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі кезде қала ауданы 88 мың гектарды құрайды. Шаһар 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен дамытылатын 4 арнаулы аумаққа бөлінген. Сонымен қатар қаланың негізгі даму аймақтары мен табыс көздері айқындалып жатыр. Магистралды инфрақұрылымды ілгерілету бойынша жол картасы қолға алынған.
Басқарудың жаңа моделін қалыптастыратын Конституциялық заң қабылданды.
"Бүгінде Gate City тұрғын үй алабы жедел өркендеп келеді. Мұнда "жайлы мектеп" бой көтеріп, "Маревен Фуд", "КНАУФ", Fruit Art, Dolce Pharm және Алматы желдеткіш зауыты секілді жүйе құрайтын кәсіпорындар жұмыс істейді". Ақорда
Бұдан бөлек, 53 инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды. Оның жалпы сомасы 2 триллион теңгеден асады.
Атап айтқанда, PepsiCo компаниясы Орталық Азиядағы картоп өңдейтін ең ірі зауыт салып жатыр. Mars Petcare компаниясы үй жануарларына арналған азық өндіретін өңірдегі алғашқы заманауи әрі бірегей жобаны қолға алды. KHAN TENGRI BIOPHARMA компаниясы дәрі-дәрмек пен медициналық қондырғылар шығарумен айналысады. "Исткомтранс" және G-Trans компаниялары логистикалық кластер құруда.
Сонымен қатар, мемлекет басшысына Iconic Complex жобасы таныстырылды. Бұл Алатаудағы көпфункционалды озық кешен саналады. Қаладағы негізгі нысанның бірі Gate District ауданында бой көтермек.
Бұған дейін Тоқаевтың жұмыс сапармен Алматы облысына келгенін жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:16, 2 маусым 2026
«Соза беруге болмайды»: Президент Алатау қаласында нені шұғыл қолға алу керек екенін айтты
-
13:59, 2 маусым 2026
Мемлекет басшысы Қонаев қаласының келбетін сынға алды
-
13:45, 2 маусым 2026
Тоқаев Қазақстандағы «болашақтың қаласы» қандай болатынын айтып берді
-
13:45, 2 маусым 2026
Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі
-
13:17, 2 маусым 2026
«110 млн теңге пара»: Алматыда ҚТЖ-ның еншілес компаниясы филиалының басшысы ұсталды






