Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік грант ұсыну ережелері өзгерді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 7 сәуірдегі бұйрықпен мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, ережелер жаңа редакцияда көрсетілген.
Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру мынадай кезеңдерден тұрады:
- бірінші кезең – ұсыныстарды жинау және талдау, мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін қалыптастыру;
- екінші кезең – Үйлестіру кеңесінің немесе мемлекеттік органдардың жанынан құрылатын үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің қарауына мемлекеттік гранттардың бағыттарын енгізу;
- үшінші кезең – бюджеттік өтінімге қосу және оны Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау.
Бірінші кезеңде мемлекеттік органдар жыл сайын күнтізбелік жылдың 1 қарашасына дейін үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардан нысан бойынша мемлекеттік гранттардың бағыттары бойынша ұсыныстар жинайды.
Мемлекеттік органдар жыл сайын күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін берілген ұсыныстарды мына дереккөздердің біріне:
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының басымдықтарына, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларына;
- әлеуметтік зерттеулердің нәтижелеріне, халықтың қажеттіліктерін бағалауға, алдыңғы күнтізбелік 2 (екі) жылдағы іске асырылған гранттардың нәтижелері мен ұсынымдарына сәйкестігі тұрғысынан талдау жасайды.
Талдау қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін қалыптастырады.
Мемлекеттік органдар уәкілетті органға жолдағанға дейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей операторға тиісті ұсынымдар алу үшін мемлекеттік гранттар бағыттары тізбесінің қалыптастырылған жобасын жібереді.
Оператор 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін қалыптастыру процесінде мемлекеттік органдар ескеретін ұсынымдар мен ұсыныстарды қарайды және мемлекеттік органдарға жібереді.
Екінші кезеңде мемлекеттік органдар оператордың ұсынымдарын ескере отырып, мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін Үйлестіру кеңесінің немесе мемлекеттік органдар жанынан құрылатын үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің қарауына шығарады, оның ішінде:
Орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік гранттары бағыттарының тізбесі бойынша:
- орталық мемлекеттік органдар жыл сайын күнтізбелік жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей уәкілетті органға мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін жібереді;
- уәкілетті орган жыл сайын күнтізбелік жылдың 15 наурызына дейін мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін Үйлестіру кеңесінің қарауына жібереді;
- уәкілетті орган мемлекеттік гранттардың бағыттары бойынша Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы ұсынымдарды олардың құзыретіне сәйкес орталық мемлекеттік органдарға жібереді.
Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесі бойынша жыл сайын күнтізбелік жылдың 1 тамызына дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің қарауына мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін шығарады.
Үшінші кезеңде мемлекеттік органдар Үйлестіру кеңесінің немесе үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің ұсынымдары негізінде мемлекеттік гранттарды түрлері бойынша бөле отырып, мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін қалыптастырады және оларды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген тәртіппен өздерінің бюджеттік өтінімдеріне қосады.
Гранттарды түрлері бойынша бөлу мемлекеттік органның жүргізген талдау қорытындылары бойынша белгіленген проблемаға байланысты мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:
қысқа мерзімді гранттар бойынша:
- іске асыру мерзімі үш айдан бір жылға дейін;
- қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бес жүз еселенген және үш мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерді құрайды;
- республикалық бюджеттен мемлекеттік гранттар іске асырылған жағдайда кемінде 1 аудандық маңызы бар қаланың немесе ауылдың немесе кенттің не ауылдық округтің аумағында жергілікті міндеттерді шешу;
- жергілікті бюджеттен мемлекеттік гранттар іске асырылған жағдайда кемінде 1 ауылдың немесе кенттің не ауылдық округтің аумағында жергілікті міндеттерді шешу.
орта мерзімді гранттар бойынша:
- іске асыру мерзімі бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімді құрайды;
- қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде үш мың еселенген және он мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерді құрайды;
мемлекеттік гранттар республикалық бюджет есебінен іске асырылған жағдайда:
кемінде 2 (екі) облыс немесе республикалық маңызы бар қалаларды қоса алғанда кемінде 2 (екі) ұқсас әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы өңірлік міндеттерді шешу;
жергілікті бюджеттен мемлекеттік гранттар іске асырылған жағдайда аумақтағы өңірлік міндеттерді шешу:
- облыстың кемінде 2 (екі) ауданы және (немесе) облыстық маңызы бар қаласы;
- республикалық маңызы бар қаланың және (немесе) астананың кемінде 2 (екі) ауданы.
ұзақ мерзімді гранттар бойынша:
- іске асыру мерзімі екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімді құрайды;
- қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде он мың еселенген мөлшерін құрайды;
мемлекеттік гранттар республикалық бюджет есебінен іске асырылған жағдайда:
- кемінде 10 (он) облыстың немесе республикалық маңызы бар қалаларды қоса алғанда кемінде 10 (он) ұқсас әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында іске асырылатын республикалық міндеттерді шешу;
мемлекеттік гранттар жергілікті бюджет есебінен іске асырылған жағдайда аумақтағы өңірлік міндеттерді шешу:
- облыстың кемінде 3 (үш) ауданы және (немесе) облыстық маңызы бар қаласы;
- республикалық маңызы бар қаланың және (немесе) астананың кемінде 3 (үш) ауданы.
- бірнеше құрамдауыштардан және (немесе) қызметтерден тұратын іс-шаралар кешені.
Мемлекеттік гранттарды оператор Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген салалар шеңберінде және мемлекеттік органның оператормен жасасатын үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беру үшін ақша қаражатын беру туралы шарт негізінде мемлекеттік бюджет қаражатынан береді.
Мемлекеттік гранттар беру мынадай кезеңдерден тұрады:
- мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін бекіту;
- сарапшылар тізілімін қалыптастыру және конкурстық комиссия құрамын бекіту;
- конкурс өткізу;
- грант алушымен шарт жасасу.
Мемлекеттік гранттар беру мемлекеттік гранттар бағыттарының бекітілген тізбесі негізінде конкурс өткізу арқылы:
- республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне осы мақсаттарға бөлінген қаражаттан – орталық мемлекеттік органдардың – республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік гранттар бағыттары тізбесінің негізінде;
- осы мақсаттарға бөлінген жергілікті бюджет қаражатынан – жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік гранттар бағыттары тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінген кезде, мемлекеттік органдар нысан бойынша тиісті бюджет бекітілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде мемлекеттік гранттардың бағыттар тізбесін бекітеді.
Мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесі мыналарды:
- өтініш берушілер ұсынатын әлеуметтік жобалар шешуге бағытталатын проблемалардың сипаттамасын;
- мемлекеттік гранттардың түрлері бойынша мемлекеттік гранттарды қаржыландыру көлемі мен іске асыру мерзімдерін;
- нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелерді;
- мемлекеттік гранттардың іске асырылу аумағын;
- ұзақ мерзімді гранттарды іске асыру кезінде материалдық базаға қойылатын талаптарды қамтиды.
Оператор өтінімдерді бағалауды жүзеге асыру үшін осы Қағидаларға сәйкес сарапшылар тізілімін жүргізеді.
Оператор конкурстық рәсімдерді өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын сарапшылар тізіліміне енгізу үшін кандидаттарды жинауды жүзеге асырады.
Бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:03, 28 сәуір 2025
«Қар аралас жаңбыр жауады». Синоптиктер қай өңірлерде күн күрт суытатынын айтты
-
22:16, 28 сәуір 2025
Жарықсыз қалған Мадрид билігі әскер көмегіне жүгінуде
-
22:03, 28 сәуір 2025
Жамбыл облысында «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтеді
-
21:48, 28 сәуір 2025
Павлодарда миы шайқалып, ауруханаға түскен сәбидің шешесі ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін
-
21:34, 28 сәуір 2025
Алматыда 30 сәуірде дабыл белгілері іске қосылады
Танымал жаңалықтар
-
11:11, 28 сәуір 2025
-
11:43, 28 сәуір 2025
-
12:57, 28 сәуір 2025
-
09:36, 28 сәуір 2025
-
15:55, 28 сәуір 2025
-
11:29, 28 сәуір 2025
-
13:18, 28 сәуір 2025
-
12:25, 28 сәуір 2025
-
09:28, 28 сәуір 2025
-
10:12, 28 сәуір 2025
-
16:03, 28 сәуір 2025
-
10:25, 28 сәуір 2025
-
14:13, 28 сәуір 2025
-
11:55, 28 сәуір 2025
-
09:03, 28 сәуір 2025