Үкімет тыңайтқыштарды субсидиялауға 48 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Үкіметінің резервінен тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау үшін 48,4 млрд теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
Қаулы Мемлекет басшысының 2024-2028 жылдары ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемін 2 есеге ұлғайту және топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу деңгейін ғылыми негізделген қажеттіліктің 50%-на дейін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қабылданды.
Құжат Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының әкімдіктеріне тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде қаражат аударуды көздейді.
Бірінші кезекте, қаражаттың негізгі көлемі минералды тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тетігін іске асыруға бағытталған.
Өткен жылдың наурыз айында АӨК-ті қолдау шеңберінде тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тетігі енгізілгені белгілі. Бұл ретте бюджеттік субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған тыңайтқыштарды жеткізу үшін отандық зауыттардың арнайы шоттарына алдын ала аударылады.
Қабылданған шаралар есебінен алғаш рет тыңайтқыштарды қолдану деңгейі ғылыми негізделген қажеттіліктің 40%-на жетті (2024 жылға дейін 21%-дан аспаған).
Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық кезінде Үкіметтің дер кезінде қаржылық қолдау көрсетуі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тыңайтқыштармен уақтылы қамтамасыз етуге, жоғары әрі сапалы өнім алуға мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:10, 20 наурыз 2025
Ақтауда шенеуніктер бір киіз үйді 7 млн теңгеден сатып алмақ болған
-
22:42, 20 наурыз 2025
Ақтөбе облысында учаскелік полицей су ортасында қалып кеткен үй жануарларын құтқарды
-
22:31, 20 наурыз 2025
«Қар, жаңбыр, су басу қаупі». Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:31, 20 наурыз 2025
«Қар, жаңбыр, су басу». Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:44, 20 наурыз 2025
Зимбабвенің спорт министрі Халықаралық Олимпиадалық комитеттің президенті болды
Танымал жаңалықтар
-
11:36, 20 наурыз 2025
-
11:57, 20 наурыз 2025
-
14:19, 20 наурыз 2025
-
10:20, 20 наурыз 2025
-
11:49, 20 наурыз 2025
-
12:09, 20 наурыз 2025
-
13:39, 20 наурыз 2025
-
11:16, 20 наурыз 2025
-
12:40, 20 наурыз 2025
-
10:43, 20 наурыз 2025
-
16:00, 20 наурыз 2025
-
14:07, 20 наурыз 2025
-
13:24, 20 наурыз 2025
-
18:52, 20 наурыз 2025
-
11:29, 20 наурыз 2025