Қазақстандықтар мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар туралы не білуі керек
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕӘҚМ) бүгін, 20 наурызда 2025 жылдың басынан бері азаматтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде қанша көлемде төленгенін хабарлады, сондай-ақ олардың сомасын атады.
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 107,8 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 14,8 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 539,9 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 194,5 мың адамды құрады.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.
Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Мәселен, 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 89 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 62,1 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.
Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.
Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 6,5% – ға өсті. ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 6,5% – ға артты.
Мәселен, осы жылы жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін – 101 702 теңгені, 2-топ үшін – 81 362 теңгені, 3-топ үшін – 55 474 теңгені құрайды.
1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 70 510 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 71 752 теңгені құрайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 22 наурыз 2025
«Қар жауады, найзағай ойнайды». Еліміз бойынша 23 наурызға арналған ауа райы болжамы
-
17:23, 22 наурыз 2025
Польшада Dimash радиосы Наурыз мейрамында мерекелік хабар таратты
-
16:49, 22 наурыз 2025
LRT құрылысына байланысты елорда тұрғындарына қосымша ескерту жасалды
-
16:31, 22 наурыз 2025
Еуразиялық банк пен ERG компаниялар тобының егесі Александр Машкевич дүние салды
-
15:59, 22 наурыз 2025
Трамп әлемдегі ең қымбат атқыш ұшақты жасап шығуға тапсырыс берді
Танымал жаңалықтар
-
19:32, 21 наурыз 2025
-
21:59, 21 наурыз 2025
-
20:42, 21 наурыз 2025
-
19:10, 21 наурыз 2025
-
20:58, 21 наурыз 2025
-
21:44, 21 наурыз 2025
-
18:46, 21 наурыз 2025
-
22:20, 21 наурыз 2025
-
22:54, 21 наурыз 2025
-
18:30, 21 наурыз 2025
-
09:18, 22 наурыз 2025
-
10:26, 22 наурыз 2025
-
10:14, 22 наурыз 2025
-
11:34, 22 наурыз 2025
-
09:31, 22 наурыз 2025