Үкімет цифрлық теңгемен төленетін бюджет шығыстарының тізімін бекітті

13:42, 30 қазан 2026
MKZ: 1575162

© Фото: Zakon.kz

ҚР Үкіметі 2026 жылғы 23 қазанда цифрлық теңге түрінде жүзеге асырылатын бюджет шығыстарының тізбесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Цифрлық теңгемен төленетін бюджет шығыстарының тізбесіне мыналар енгізілді:

  • Азық-түлік өнімдерін сатып алу;
  • Дәрілік заттар мен өзге де медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу;
  • Киім-кешек мүлкін, сондай-ақ басқа да нысанды және арнайы киімдерді сатып алу, тігу және жөндеу;
  • Отын мен жанар-жағармай материалдарын сатып алу;
  • Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу;
  • Жер учаскелерін сатып алу;
  • Үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, өткізу құрылғыларын сатып алу;
  • Көлік құралдарын сатып алу;
  • Машиналарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, өндірістік және шаруашылық мүкәммалын сатып алу;
  • Материалдық емес активтерді сатып алу;
  • Биологиялық активтерді сатып алу;
  • Өзге де негізгі құралдарды сатып алу;
  • Үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, өткізу құрылғыларын күрделі жөндеу;
  • Автомобиль жолдарын күрделі жөндеу;
  • Мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттары мен құрылыстарын күрделі жөндеу;
  • Өзге де негізгі құралдарды күрделі жөндеу;
  • Дамуға бағытталған күрделі шығындар;
  • Жаңа нысандар салу және қолданыстағы нысандарды реконструкциялау;
  • Жол салу;
  • Кемелерді салу және жеткізу;
  • Цифрлық жүйелерді құру, енгізу және дамыту;
  • Мемлекеттік кәсіпорындардың жаңа нысандарын салу және қолданыстағы нысандарын реконструкциялау;
  • Арнайы мемлекеттік қордың қаражатын жұмсау;
  • Инфрақұрылымды дамыту қорының қаражатын жұмсау.

Қаулы 2026 жылғы 30 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!