Үйленгендерін жасырған Айқын мен Жұлдыз шындығын мойындап, алғаш рет баласын көрсетті
Шаңырақ көтеріп, былтыр ғана балалы болғандарын осы күнге дейін жасырып келген Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали шындықты мойындады. Ендігі олар бір отбасы екенін жасырмауды ұйғарған сыңайлы. Ал жұлдызды жұптың тұңғышы бүгін бір жасқа толып жатыр, деп жазады Stan.kz.
Белгілі болғандай Айқын мен Жұлдыздың ұлының есімі – Санжар. Бүгінде 1 жасқа толған сәбиді ата-анасы желідегі парақшасында құттықтап, түрін көрсетті.
«Бүгін – менің кенжем Санкобайдың (Санжар) туған күні. Бақыттан басым айналып, шалқып жатқан жайым бар. Аңсар, Асылым, Санжар, үшеуің де менің байлығымсыңдар. Екі ұлым қанатым, тәтті қызым жәннатым. Тіл-көзден аман болыңдар! Нұртан Санжар деген жігіт осы! Таныс болыңыздар!» – деп жазды Айқын ұлын таныстырып.

Сондай-ақ, бұған дейін Айқынмен қол ұстасқаны жөнінде мүлде тіс жармай келген Жұлдыз да ақыры тұрмысқа шығып, сәбилі болғанын мойындады.
«Жүрегім! Маxаббатым! Сәнім! Кішкентай ғана менің балапаным! Бір жасың құтты болсын! Өмір-жасың ұзақ болсын! Анаң саған әрқашан жақсылық тілейді. Мен сені қатты жақсы көремін. Айтамын деп жүрген жаңалығым осы, құрметті xалқым, балам осы. Сіздерден ештеңе жасыра алмайсың. Нұртас Санжар Айқынұлы», – деп жазды Жұлдыз Өмірғали.

Десе де қосы әншінің шаңырақ көтеріп, сәби сүйгені туралы әлдеқашан хабардар болған көпшілік оларды сөгуді жөн көрмеді. Желі қолданушыларының дені сәбидің әкесі айқыннан аумай қалғанын айтып, ақжарма тілектерін жаудыруда.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





