Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізімі кеңейтілді
© Сурет: zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда жалғызбасты зейнеткерлерге ғана емес, сондай-ақ жақын туыстарының көмегінсіз қалған, отбасы ішіндегі жанжалға байланысты қиын жағдайда жүрген қарт адамдарға да арнаулы әлеуметтік қызметтер енді үйде көрсетілетін болады, деп хбарлайды zakon.kz.
Тиісті өзгерістер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығындағы ережелерде қарастырылған.
Жоғарыда аталған норманы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, Парламент Мәжілісінің депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ және ЖАО өкілдері ұсынды.
Сондай-ақ, барлық медициналық-әлеуметтік мекемелерде бейнебақылау камераларын міндетті түрде орнатуды қарастыратын өзгерістер енгізілді.
Камералар ұйымға іргелес жатқан аумақтың алаңы бойынша, негізгі және қосалқы кіреберістердің жанында, сондай-ақ үй-жайлар мен ортақ пайдаланылатын кабинеттерде орнатылады. МӘМ-дегі туыстары мен жақын адамдарының жазбаларды көруге рұқсаты болады. Бұдан басқа, құжат қажет болған жағдайда медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын барлық адамдардың интернетке қол жеткізуін қамтамасыз етуді реттейді. Айта кету керек, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде 23 мыңнан астам адамды қамтитын стационарлық үлгідегі 113 МӘМ жұмыс істейді, делінген Еңбек министрлігінің хабарламасында.
Сонымен қатар, қажет болған жағдайда қар, күл шығару, көмірді қазандықтарға жеткізу және басқа да маусымдық жұмыстарды орындау мақсатында "трактор" позициясын қоса отырып, стационарлық үлгідегі МӘМ автокөлік құралдарының лимитін кеңейту көзделеді. Бұл көлік құралының болуы ауылдық елді мекендерде орналасқан МӘМ үшін қажет.
Жоғарыда аталған салалық бұйрық жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық бірлестіктерден арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы НҚА-ға өзгерістер енгізу бойынша 150-ге жуық ұсыныс жиналып, талданғаннан кейін әзірленгенін айта кетейік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады